Қазақстандық Түркия Түлектері Ассоциациясы ретінде «YDA Group» компаниясының басқарма төрағасы Хусейн Арслан мырзамен кездестік. Кездесу аясында бірлестігіміз туралы ақпарат беріліп алдағы уақытта атқарылатын жобалар бойынша өте нәтижелі бір жиналыс өтті. Кездесу соңында Хусейн Арслан мырзаға алғыс хатымызды табыстап, жұмысына табыс тіледік. Жылы қонақжайлығы үшін алғысымызды білдіреміз.
YDA компаниясы 1954 жылы құрылған. YDA Group көптеген түрлі нысандарды, соның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік үлгілері бойынша инвестициялық жобаларды және әуежай кешендерін салу және басқару саласындағы концессияларды, көпсалалы аурухана кешендерін, жоғары технологиялық ғимараттарды, өнеркәсіптік нысандарды, цемент зауыттарын салып және іске қосты.
2000 жылдардың басынан бастап YDA Group халықаралық нарықтарға – Қазақстан, Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Сауд Арабиясы, Ауғанстан және Молдоваға шықты.
YDA Group компаниясының ағымдағы жұмысының көлемі 5,8 миллиард доллардан асады.
«Хазірет Сұлтан» әуежайы. Қазақстандағы Түркістан қаласының жанындағы халықаралық әуежай. Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері нөлден салынған алғашқы әуежай. Әуежай құрылысымен түріктің YDA Group компаниясы айналысқан.
Түрік компаниясы МЖӘ аясында ауруханаларды салу және жабдықтаумен де айналысады – Қазақстан мен Түркияда ең ірі денсаулық сақтау нысандары салынды. Кәсіпорын сонымен қатар өнеркәсіптік нысандар мен қызмет көрсету саласындағы нысандардың құрылысымен айналысады.