ТҮРКИЯ ТҮЛЕКТЕРІ АССОЦИАЦИЯСЫ
KAZ
Астана қаласы, Алматы ауданы, Сәтпаева 24 көшесі, НП 21
АССОЦИАЦИЯ ЖАЙЛЫ
Ассоцияция ҚР Әділет Министрлігінде Ресми тіркелді және жергілікті мәртебеге ие болды
09.09 2022 жылы
23.11.2022 жылы
Қауымдастықтың ресми ашылуы
12 адам
Бірлестігіміздің басқару кеңесі 12 адамнан құралған
400 астам түлек
Ассоциация құрылған күннен бастап бүгінгі күнге дейін 400 астам түлегіміз Ассоциациямыздың белсенді мүшесі болды
«Түркия түлектері Ассоциациясы» қоғамдық бiрлестiгi‚ Қазақстандық түлектердің өз еркiмен‚ олардың кәсiпкерлiк және қоғамдық көзқарасы негiзiнде құрылған және қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және Заңы негiзiнде жүргiзедi. Ассоциация Қазақстан және Түркия Республикаларының мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарымен тығыз байланыста қызмет атқарып келеді. Ассоциация 9 тамыз 2022 жылы ҚР Әділет Министрлігінде Ресми тіркелді және жергілікті мәртебеге ие. Қауымдастықтың ресми ашылу салтанаты 2022 жылдың 23 қарашасында өтті.
Ассоциация тарихы
Біздің миссия
Әрбiр бiтiрушiнің жеке және жалпы күш-жігері және өнер-білімі біз үшін өте маңызды.

Біздің миссиямыз:
  • Қазақстандық Түркия түлектері арасында тиімді қарым-қатынас орнату үшін түлектердің басын біріктіріп өз-ара ынтымақтастықты жан-жақты кеңейту.
  • Сонымен қатар Түркия түлектері Ассоциациясы мүшелерінің мәселелерін шешу үшін жұмыс істейтін тиімді платформа құру.
Бiрлестiктің мақсаты
- Түркия оқу орындары түлектері және Түркия оқу орындарында білім алушы студенттер арасында өз ара байланысты нығайту;
- Түркия оқу орындарында білім алушы студенттер үшін тәжірибе алу мүмкіндігін ұсыну;
- Түркия оқу орындары түлектері арасында әлеуметтік, мәдени, ғылыми, кәсіби және басқа да өз-ара қарым-қатынасты дамыту және ынтымақтастықты нығайту;
-Түркия түлектерінің жұмыс орнына орналусы үшін жан жақты қолдау көрсету;
- Қазақстан аймағында түлектер арасында байланысты орнату және түлектердің өз ара қарым –қатынаста болуын қолдау;
- Заңға қайшы келмейтін шаралар ұйымдастыру, соның ішінде конференциялар, симпозиумдар, конгресстер, дөңгелек үстелдер, семинарлар, пресс-конференциялар, брифингтер, көрмелер, спорт шаралары, демалыс, жәрмеңке, концерттер;
- Қазақстан және Түркия Республикасындағы Үкіметтік және ҮЕҰ (Үкіметтік емес ұйымдар) және мекемелермен бірлескен жобаларды әзірлеп жүзеге асыру;
Басқару кеңесі
  • Асылбек Разаков
    Ассоциация Президенті
  • Исламбек Шапенов
    Ассоциация Бас хатшысы
  • Алма Қожан
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Ибрагим Ибадиллаев
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Дәурен Базаров
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Даур Хусаинов
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Салтанат Комбатурова
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Дәурен Дуанбек
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Алтынбек Сарқыт
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Салтанат Назарымбетова

    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Қасқырбек Қалиев
    Басқару кеңесінің мүшесі
  • Ардақ Қожатаева
    Басқару кеңесінің мүшесі
Асылбек Разаков
Ассоциация Президенті
Исламбек Шапенов
Ассоциация Бас хатшысы
Алма Қожан
Басқару кеңесінің мүшесі
Ибрагим Ибадиллаев
Басқару кеңесінің мүшесі
Дәурен Базаров
Басқару кеңесінің мүшесі
Даур Хусаинов
Басқару кеңесінің мүшесі
Салтанат
Назарымбетова
Басқару кеңесінің мүшесі
Дәурен Дуанбек
Басқару кеңесінің мүшесі
Алтынбек Сарқыт
Басқару кеңесінің мүшесі
Салтанат
Комбатурова
Басқару кеңесінің мүшесі
Қасқырбек Қалиев
Басқару кеңесінің мүшесі
Ардақ Қожатаева
Басқару кеңесінің мүшесі
Төраға үндеуі
Құрметті Түркия түлектері.
Іргетасы 2021 жылы қаланып, 2022 жылы ресми түрде құрылған бірлестігіміз Түркиядан бітіріп келген Қазақстандық түлектерімізді біріктіру мақсатында қызметін жалғастыруда. Бірлестігіміздің құрылу мақсаты – Қазақстандық түркия түлектері арасында әлеуметтік, мәдени, ғылыми, кәсіби және басқа да өзара қарым-қатынастарды дамыту және түлектеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып саналады. 1992 жылдан бері 5800-ден астам қазақ жастарына Түркия тарапынан оқу гранттары ұсынылса, Қазақстанда 7 мыңнан астам Түркия түлегі бар екенін айтқым келеді. Бүгінде Қазақстандық Түркия түлектері арасынан министрлер, елшілер мен бюрократтар, сондай-ақ саясат, мәдениет, әдебиет, өнер, спорт және осыған ұқсас көптеген салаларда мамандар жетіліп, қазіргі уақытта мемлекеттік және жеке секторларда еліміздің игілігі үшін аянбай қызмет етіп келеді.
Түлекетіріміздің басын біріктіретін Ассоциация ретінде «Біз бір отбасымыз» деген ұранмен жолға шықтық. Осы бағытта көрсетілетін қызметтерді одан әрі арттыруға күш салып жатқанымызды атап өткім келеді. Осы тұрғыда біз бірлік жолында көптеген үлкен жобаларды жүзеге асыратынымызға толық сенімдіміз. Бұл сенімнің негізінде – Ассоциациямыздың түлектерімізбен бірлесе отырып тығыз әрі тиімді жұмыс жасауы жатыр.
Асылбек Разаков
Логотип сипаттамасы
«Түркия түлектері Ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің брендтік логотипі –графикалық және мәтіндік компоненттердің тіркесімі болып табылады. Мәтіндік компоненті – брендтің ағылшын тілінде толық жазылуы. Графикалық компоненті – Қазақстан мен Түркия елдерінің мелекеттік туы. “Түркия түлектері Ассоциациясы” Түркия мемлекетінің жоғарғы оқу орындарында білім алған қазақстандық түлектердің өз-ара қарым-қатынасын дамыту және ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. Логодағы маңызды деталь қос орналасқан Қазақстан және Түркия елдерінің мемлекеттік туы. Бұл екі ел арасындағы бауырластық және ынтымақтастықтың белгісі. Сонымен қатар екі тудың қос орналасуы қазақ және түрік халықтарының достығын көрсетеді.
Логотиптің негізгі түстері ақ фонда көгілдір және қызыл түстермен берілген. Көгілдір түс - көк аспанның символы. Ақ түс - бейбітшілік пен тазалықтың белгісі. Қызыл - даналық пен биліктің белгісі.

ХабарласуWhatsApp
Phone
Mail
Түркия түлектері ассоциациясы
Астана қаласы, Алматы ауданы, Сәтпаева 24 көшесі, НП 21
Copyright © 2022- 2024 Түркия түлектері ассоциациясы. Барлық құқықтар сақталған.
Copyright © 2022- 2023 Түркия түлектері ассоциациясы. Барлық құқықтар сақталған.
Made on
Tilda